Пікір

Баянды бірлік жолымен

Тұрар ШЕРИЯЗДАНОВ,

денсаулық сақтау ісінің ардагері.

Мен ұзақ жыл денсаулық сақтау саласында еңбек еттім. Осы саланың қандай да мәселесі менің ойымда, санамда тұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде дәрігерлер мәртебесін көтеру туралы арнайы тоқталып айтты. Бұл бізді де қуантады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкіл өмір жолы біздің көз алдымызда өтті, көпшілікке белгілі, оның үстіне халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер. Меніңше, осы таңдау дұрыс деп есептеймін.

Алдағы міндеттерді жүзеге асыруға жаңа Президентіміз салиқалы түрде қарайтындығына сенім білдіремін және еліміздің таяу жылдарда жаңа белеске көтерілетіндігіне еш күмәніміз жоқ.

Баянды бірлік жолымен алға баса берейік. Біздің мақсатымыз да, ішкі ойымыз да осы тілекпен үндеседі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button