Жаңалықтар

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға байланысты жиын өтті.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша облыста  көптеген іс-шаралар атқарылған. Бұл шараға облыстық басқармалар белсенді атсалысты. Мәселен,  ішкі саясат басқармасы  Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың  жеті қыры» бағдарламаларын кең көлемде насихаттап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік және ауылшаруашылық басқармалары тарапынан кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты түрлі  мемлекеттік бағдарламалар (Сыбаға», «Лизинг», «Агротехника») туралы тұрғындарға кеңес беру, құжаттарын әзірлеу көмектесу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы атаулы әлеуметтік көмек алу туралы аудан, ауыл тұрғындарын ақпараттандырған.

Бұл жоба  халық арасында қолдауға ие болып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жиын соңында облыс басшысы  қала, аудан әкімдеріне және басқарма, департамент басшыларына  жобаны одан әрі жандандыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button