Жаңалықтар

Қала жолдары жөнделуде

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалин  облыс орталығындағы  жолдардың  жөндеу жұмыстарын тексерді, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол кезекті  қарау барысында  жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті.

Қазіргі  уақытта  Ақтөбе қаласында  автожолдарды  күрделі  жөндеуге  байланысты  ауқымды  жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Өрлеу  елді мекенінде

5,7 шақырым, Ақжар елді мекенінде 2,6 шақырым  жолдар асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да  қоса салынуда.

Одан өзге, Бекқұл баба  ауылының орталығындағы 1,2 шақырым көше мен Ясный  елді мекенінің жолдарына  жақын арада  жөндеу жұмыстары басталмақшы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button