Жаңалықтар

Көлік жолдарының жөнделу сапасын бақылау күшейеді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Марат Махамбетов пен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Әспенов облыс басшысы Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысының автомобиль жолдары желісін дамытудың 2019 жылға арналған жұмыстары мен ағымдағы жағдайы туралы есеп берді.

Биыл облыста 500 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұған 40 миллиард теңге қарастырылған.

Ірі жобалардың ішінде Ақтөбе-Атырау-Астрахань (РФ), Ақтөбе қаласының оңтүстік айналмасы, Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк (РФ), Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск, Қобда-Мәртөк және т.б. автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстары бар.

Жуырдағы бюджетті нақтылауда облыс жолдарын жөндеуге, сонымен қатар Ақтөбе қаласының көшелері мен облыстың тоғыз ауданының жолдарын жөндеуге 2,4 миллиард теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.

Облыс басшысы жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды күшейтуді, сонымен қатар  ауыр жүк таситын көлік құралдарының  қозғалысын шектеуді қадағалауды тапсырды.

«Көлік жолдарының сапасы — біздің өңірдегі көкейкесті мәселе. Оны шешуге ерекше назар аудару керек. Жұмыстың сапасы үшін сұраныс қатаң болады. Жол құрылысы менің жеке бақылауымда», — деді О.Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button