Жаңалықтар

Мейрамхана мен батут орталығы ашылды

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қала әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен «ЧУЧВАРА» шығыс тағамдар отбасылық мейрамханасы мен «Панда Батут» балаларға арналған ойын-сауық кешені франчайзингтік нысаны ашылды.

Шараға қатысқан қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, аталған кешеннің құрылысын жүргізген «Фер-Темир» ЖШС былтыр аукцион әдісімен 34 млн теңгеге апаттық жағдайдағы бұрынғы №31 мектеп ғимаратын сатып алған. Серіктестік 200 млн теңге инвестиция салып, бүгінде тұрғындар игілігі үшін осындай қызмет көрсету орындарын пайдалануға беріп отыр.

Ойын-сауық кешенінің бірінші қабатында қонақтарға арналған ыңғайлы паркинг орналасқан, екінші қабат балаларға арналған заманауи батут орталығымен қамтылған. Ал қоғамдық тамақтану орны бірінші кезеңде 45 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек.

Жаңа мейрамхана мен батут орталығының ашылуымен құттықтаған қала әкімі аталған кешеннің облыстағы қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деген сенім білдірді.

Айта кету керек, бұл мейрамхана осы саладағы ірі компаниялардың бірі Restorator Franchising Group франшизасы бойынша ашылды. Аталған компанияның «ЧУЧВАРА», «Перчини», «New York Pizza Novosibirsk», «PEOPLE’S», «ParkCafe» сынды брендтері негізінде Қазақстан мен Ресей қалаларында 50-ден астам нысаны ашылған.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button