Жаңалықтар

Генералға құрмет

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы саланың ардагері, генерал-майор Юрий Брязгаловты еске алуға арналған турнир өткізді. Мұнда спорттың бірнеше түрі қамтылды.

Юрий Андреевич ел тәуелсіздігінің қалыптасуы жылдарында облыстық басқармаға жетекшілік жасады, ұлттық кадрларды даярлап, тәрбиелеуге үлесін қосты. Ол жауапты қызметте болған тұсында өзінің жауапкершілікті жоғары ұстанатын, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін басшы екенін танытты.

Ал құрметті еңбек демалысына, яғни запасқа шыққаннан кейін облыс әкімінің кеңесшісі, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарып, қоғамдағы рухани құндылықтарды насихаттауға, адамгершілік ахуалды орнықтыруға қызмет етті.

Турнирде шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, арқанмен тартылу жарыстары бойынша сайыстар өткізілді. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Департамент қызметкерлері өздерінің жеңіске деген жігерлілігін, жоғары деңгейдегі дайындықтарын байқатты.

Генералды құрметтеуге арналған шара ұжым қызметкерлерінің топтасқандығы мен ауызбіршілігін нығайта түсті.

Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button