Жаңалықтар

 «Уылдырық шашу — 2019 »

Балық қорғау акциясы туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы»  бұйрығына сәйкес, уылдырық шашу және  көбеюі кезеңінде балық түрлері және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынады, оның ішінде:

Торғай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорығының аумағында орналасқан су айдындарында 2019 жылғы 15 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта балық аулауға;

Ақтөбе облысының басқа су айдындарында;

2019 жылғы  20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта —

шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызылкөз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық.

2019 жылғы 20 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта —  сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан балықтарды аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар 2018 жылдың 15 қазанынан 2019 жылдың 30 маусымына дейін  шаян аулауға тыйым салынған.

Әуесқой балық аулаушы азаматтарды балық аулау қағидасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

   Н.ДҮЙСЕНОВ,

облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясының бөлім басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button