Рухани жаңғыру

100 оқулық және жастар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына  екі жыл толуына орай С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде  «Кітап — тілсіз ұстаз» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған кітаптар туралы айтылды.

Аталған жиынның мақсаты — жастар арасында жаңа кітаптарды насихаттау, сол арқылы білім сапасын арттыру.

«100 жаңа оқулық» жобасы бойынша былтыр 18 кітап аударылды. Оның ішінде әлеуметтік, гуманитарлық бағытқа басымдық берілді. Біздің облысқа әкелінген кітаптар университеттерде қосымша оқу құралы болып, студенттердің пайдасына жарап тұр. Жалпы оқулықтарды аударуда арнайы үш бағытты негізге алады. Біріншісі —  аударылатын кітап әлемдегі 100 университеттің оқу бағдардамасына енген болуы керек, екіншіден, идеологиялық бейтараптық сақталуы керек, үшіншден, бұлар заман талабына сай қайта басылып шығарылған кітаптар болуы тиіс. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты — осы кітаптарды жастар арасында кеңінен айту. Әсіресе, қазақ тілінде білім алатын студенттер үшін өте қажет, — деді облыстық «Рухани жаңғыру бағдарламасы» басқару орталығының басшысы Нұрлыхан Хасенов.

Облысқа 6400 оқулық әкелініп, ол қаладағы төрт жоғары оқу орындарына бөлініп берілген. Жоба бойынша биыл 30 оқулық аударылады.

Дөңгелек үстелге жиналған университет ғалымдары студенттерге аударылған оқулықтар жөнінде кең көлемде ақпарат берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button