Жаңалықтар

Отбасы құндылығы — ортақ міндет

Күлпаршын АЙДАРХАНОВА,

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары

Съезде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын жариялады.

Мемлекет басшысы бұл жолы да әлеуметтік мәселелерге баса назар аударды. Нақтырақ айтсақ, наурыз айындағы Аналар мерекесі қарсаңында Қазақстандағы барлық әйелдерді Президенттің отбасыларды қолдау шаралары ерекше қуантты. Сол арқылы Президент отбасындағы аналардың рөлін, олардың қоғамдағы орны мен құндылығын атап көрсетті.
Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында алдағы уақытта елімізде жаңа өзгерістер болатынын, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетілетінін жеткізді.

Отбасы институтын сақтау — ұлттық бірегейлікті сақтау. Сондықтан Мемлекет басшысының отбасына, балаларға, аналарға қатысты стратегиялық әлеуметтік саясатты іске асыруға уақтылы шақырғанын бағалаймыз. Әлем елдерінің саясаткерлері заманауи сын-қатерлерге қарсы шаралар іздеуде. Біздің Президентіміз осы орайда алдымен отбасы мәртебесін көтеруді ұсынды. Сондықтан Елбасының қамқорлығы мен қолдауын қабылдай отырып, біз алдағы уақытта еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Біз, мемлекеттік қызметшілер мен қоғам белсенділері, ел азаматтары, отбасылық құндылықтар мәдениетін сақтауға күш салысуымыз керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button