Жаңалықтар

Табысты болудың басты факторы — білім

Ұлбия ӨТЕМІСОВА,

Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Қобда ауданы

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде біздің қоғамның, мемлекеттің алдағы онжылдықтағы дамуына негіз болатын он мақсат айқындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев съезде сөйлеген сөзінде білім беру саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсу және осы саладағы реформаларды қисынды нәтижеге жеткізу керектігін атап өтті.

Қобда қазақ орта мектебі — ауданымыздағы ең үлкен, 90 жылдық тарихы бар мектеп. Мектебімізге білім жолындағы алғаш қадамын бастап, бірінші сыныпқа келетін жас бүлдіршіндердің саны жылдан-жылға артып келеді. Жас мамандардың қатары да жылдан-жылға толығып отыр. Қазіргі қарқынды дамып бара жатқан заман балалардың бойында жаңа машықтар мен дағдыларды ұштауды талап етеді. Мектептегі сапалы білім ертеңгі күні түлектердің өмірге нық сеніммен қадам басуы үшін, әрине, өте маңызды.

Елбасы съезде Қазақстанның әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына енуі жолында алдағы онжылдықтың шешуші кезең болатынын атап өтті. Еліміздің барлық азаматтары, соның ішінде, әсіресе, ұстаздар қауымы үшін бұл үлкен жауапкершілік деп білеміз. Өйткені табысты болудың басты факторы — білім.

Педагогтардың мәртебесін айқындау, олардың әл-ауқатын көтеру бағытында қоғамды толғандыратын, түйткілді мәселелердің бар екені айтылып жүр. Қабылданғалы отырған Ұстаздар мәртебесі туралы заңның осы мәселелерді шешуге септігі тиеді деп үміттенеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button