Жаңалықтар

Әрбір үй мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс

Гүлжанат ЕРҒАЗИНА,

облыстық мәслихаттың депутаты,

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

АҚ Ақтөбе филиалының директоры

Елордамыз Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі саяси партияның жиырма жылдығымен тұспа-тұс келді. Айтулы шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде әдеттегідей елімізде әлеуметтік саланы жетілдіруге көпшіліктің назарын аударды. Елбасы үш негізгі бағыт бойынша  әлеуметтік саясатты жүзеге асыру азаматтарға қатысты мәселелерді шешуге септігін тигізетінін атап өтті. Ол — халықтың табысының артуын қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру, денсаулық сақтау және өңірлерді кешенді дамыту. Бұл орайда Мемлекет басшысы бүкіл ел бойынша өмір сапасын жақсартуға бағытталған аймақтық саясатты жүзеге асыру қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берді.Менің ойымша, бұл тапсырмалар өзекті әрі оны жүзеге асыру шаралары дер кезінде беріліп отыр. Елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар тек нақты мақсатқа ғана жетіп қоймай, сол арқылы нәтиже шығарылуы тиіс, сондай-ақ, сол арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ете білуі қажет. Барлық бастамалар ел халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы, оның ішінде көпбалалы отбасылардың проблемасын шешуге септігін тигізуі керек. Әрбір қазақстандық отбасы мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс. Съезде осы мәселе төңірегінде өзекті мәселелер айтылды. Ең бастысы — бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға ерекше басымдық берілді.    Осы мақсатта биылғы жылы бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатын болады. Ал бұл дегеніңіз — әлеуметтік төлемдердің өсіп, аймақтағы бюджеттік, мемлекеттік қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артады деген сөз. Бұл бастамалар қоғамда туындаған бірқатар мәселелердің оң шешім табатынына ықпал етеді деген сенімдемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button