Жаңалықтар

Коммуналдық қызметтердің төлемі арзандады

Рейд

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесіп, коммуналдық қызметтердің төлемдері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кеше құрамында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлнұр Масина, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов және «Трансэнерго» АҚ мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ өкілдері  бар топ Әуеқалашық шағын аудандағы №10 үй мен Малышка шағын ауданы Кленовый көшесіндегі №57 үйге барып, тұрғындармен кездесті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен коммуналдық қызметтердің бағасы төмендетілді. Мысалы, қаңтардың 1-інен бастап газ — 10 пайызға, жылу  10 пайызға төмендетілді. Сондай-ақ, электр қуатының бағасы екі рет төмендетілді: 2018 жылы қарашаның 1-інен бастап 7 пайызға, биылғы қаңтардың 1-інен бастап 3 пайызға арзандады.

— Елбасының тапсырмасымен коммуналдық қызметтердің бағасы төмендетілді. Дегенмен, Әуеқалашық шағын ауданындағы №10 үйдің тұрғындары желтоқсан айында жылу үшін көп ақша төлегендігі жөнінде шағымданды. Бүгінгі шараның мақсаты — аталған үйдің тұрғындарына шағымдары бойынша жасалған жұмыстың қорытындысын айтып, коммуналдық қызметтердің бағасының төмендегенін түсіндіру. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, Ақтөбеде сыртқы ауаның температурасы орташа есеппен қазан айында +7С, қарашада -4С болса, ал желтоқсан айында -9С-қа дейін төмендеп кеткен. Яғни қарашамен салыстырғанда, желтоқсанда ауа райы екі есеге дейін  суытқан. Температура төмендеген сайын жылу да көбірек пайдаланылатыны белгілі. Жылу үшін төлемнің көбейіп кетуінің тағы бір себебі, «Трансэнерго» акционерлік қоғамы жыл аяқталатын болғандықтан, жылу үшін төлемді 40 күнге бірден есептеген, яғни қарашаның 22-сінен бастап, желтоқсанның 31-іне дейінгі аралыққа есептеген. Дегенмен, Заңға сәйкес, коммуналдық төлем 30 күнге ғана есептелуі тиіс. Ал «Трансэнерго» акционерлік қоғамы 10 күнге артық есептеп тұр. Сол себепті, аталған мекеме әкімшілік жауапқа тартылды. 2 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Сондай-ақ, заңды бұзуды жою туралы нұсқама берілді. Қаңтар айында жылу үшін төлемдер қайта есептелді (10 күн үшін төленген төлемдер шегерілді, сонымен қатар жылудың бағасы 10 пайызға төмендетілді). Сөйтіп, қаңтар айында жылу  үшін желтоқсанмен салыстырғанда екі есе аз төлем жасалынады. Мысалы, Әуеқалашық шағын ауданындағы №10 үй, 21-пәтердің (2 бөлмелі пәтер, жалпы алаңы 31,1 шаршы метр) тұрғыны желтоқсан айында жылуға 4842 теңге төлеу керек болса, қаңтарда 2517 теңге төлейтін болады.

Айта кету керек, қаңтар айының 1-інен бастап коммуналдық қызметтер үшін төлемдердің арзандағаны туралы нақты мәліметтер бірыңғай төлемдер құжатында көрсетілген, — дейді Гүлнұр Масина.

Оның айтуынша, аудандардың бәрінде де коммуналдық қызметтердің бағасы төмендетілген.

— Коммуналдық қызметтер үшін бағаның арзандағаны анық байқалады. Мысалы, былтырқаңтардақымбаттаутөлегенедік, биылқаңтардаоданайтарлықтай аз ақшатөледік. Мұныңбәрі — Мемлекетбасшысыныңхалықүшінжасапжатқанигіісі. Коммуналдықмекемелердіңқызметінде де мінжоқ. Жылу да, су да, жарық та бар. Түбіртектер де уақытындаәкелінеді. Жалпыбіздіңоблыстахалықтыңтұрмыс-тіршілігіүшінқолайлыжағдайжасалыпжатыр, — дейдіқалатұрғыныӨрікМуменова.

Айта кету керек, қаңтардың 21-і күнісағат 9.00-ден 12.00-ге дейінҚР Ұлттық экономика министрлігініңТабиғимонополиялардыреттеу, бәсекелестіктіжәнетұтынушылардыңқұқықтарынқорғаукомитетініңАқтөбеоблысыбойыншадепартаментініңмамандары «Трансэнерго» АҚ ғимаратындақоғамдыққабылдауөткізеді. Шара барысындажылуғажауаптымекеменіңөкілдерітұрғындардыңсауалдарынажан-жақтыжауапбереді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button