Жаңалықтар

Тұрғындар тарифтердің төмендегенін сезінді ме?

Облыста коммуналды қызметтер тарифінің төмендеуін бақылайтын жұмыс топтары құрылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы мәселеге қатысты тиісті тапсырманы коммуналды қызмет кәсіпорындарының басшылары қатысқан жиында берді.

«Тарифтерді төмендеді дейсіздер, ал халық оны көріп тұрмағандарын айтады. Бірінші кезекте, халық мұны қалтасымен сезінуі керек»,— деді ол.

Облыс басшысының тапсырмасымен Ақтөбеде, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында 19 ақпаннан бастап арзандатылған тарифтерге қатысты ағымдағы жағдайға мониторинг жасауға кірісетін жұмыс топтары құрылды.

Бердібек Сапарбаев: «Жұмыс топтарына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзге қоғам белсенділері де кіру керек. Пәтерлерді аралап, адамдармен сөйлессін, түбіртектерін алып, салыстырсын. Тарифтерді төмендету — Мемлекет басшысының міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмасы, мұны әрбір үй иесі сезінуі керек», — деп атап өтті.

Негізінде жаңа жылдан бастап өңірде коммуналды қызмметтердің барлық түрінің құны төменген болатын. Коммуналды қызметтердің мәліметтеріне сүйенсек, облыста газ, жылу тарифтері 10,2%, жарық 3%-ға арзандады. Сумен жабдықтау  5,5%, су тарту 5,9% төмендеген. Жеделсаты қызметінің тарифі 10% азайып, пәтер иелері кооперативі қызметі 7,3% арзандады. Домофон қызметін үшін ақтөбеліктер 5% арзан төлей бастады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button