Әкімдер есебі

Екі ауылда есеп берді

Сәрсенбі күні Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі Жомарт Шабаров Қайыңдысай және Қарағандысай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, халық алдында есеп берді.

Кездесуде округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жиында Қайыңдысай ауылының тұрғыны К.Наурызов ауылда мал ұрлығы көбейіп бара жатқандығын, осыған байланысты алдағы уақытта учаскелік полиция инспекторлары халық алдында атқарған жұмыстары жөнінде есеп берсе деген ұсынысын жеткізді.

Ал ауылдағы медпунктің тазалықшысы Ж.Шангереева былтыр жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдан жер телімін алғанын, биыл құрылыс жұмысына құм қажет екенін айтса, ауыл тұрғыны И.Шәріп елді мекенге газ құбыры қашан тартылатынын сұрады.

Қайыңдысай ауылына газ жүргізу жұмыстарына 133 миллион 317 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар жасалды, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұл жұмыстың қорытындысы алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады, — деді округ әкімі.

Ал Қарағандысай ауылының тұрғындары округ әкіміне қыс мезгілінде қар уақтылы аршылып, жол қатынасы үзілмесе деген тілектерін жеткізді.

Кездесулер соңында жиынға қатысушылар округ әкімінің жұмысына жақсы баға беріп, өз ой-пікірлерін білдірді.

Д.ТАУАНОВА.

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button