Мереке

Тыл еңбеккерін қуантты

Ақтөбе қаласындағы Пригород орта мектебінде Халықаралық қарттар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсат — қарттарды құрметтеу, сыйлау, жас ұрпақтың санасына адамгершілік-рухани тәрбие сіңіру. Аталған мектептің 5 «а» сынып оқушылары сынып жетекшісі Миргүл Нұрбаевамен бірге ауылдағы тыл еңбеккері Мәпиза Бержанованың үйіне барып, қарияға құрмет көрсетті. Зейнеткерді мерекемен құттықтаған оқушылар Мәнипа әжеге гүл шоқтарын ұсынып, арнайы жаттаған тақпақтарын айтып, ән шырқады. Тыл еңбеккерін ортаға алып, естелік суретке түсуді де ұмытпады. Кейуана балаларға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.

Бұдан кейін сыныпта «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыпқа байланысты өз қолдарымен дайындаған қабырға газеттерін таныстырып, таным көкжиектерін кеңейтті.

Арайлым НҰРБАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button