Анаға тағзым

Ана алдында өлім де мойынсынады…

Адам боп туу – анадан, Айуан боп кету – өзіңнен!

Қадыр Мырза Әли

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Қазыбек би Келдібекұлы.

Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң — жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.
Сырым Датұлы.

Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.

Дулат Бабатайұлы.

Адамдар — әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмас ақын да, батыр да бола алмайды.

Максим Горький.

Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя.

Виктор Мари Гюго.

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.

Оноре де Бальзак.

Ана алдында өлім де мойын ұсынады.

Ғабит Мүсірепов.

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Ғабит Мүсірепов.

«…Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ержеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!

… Адам деген бала ғой. Өйткені ананың жанына көз салсаң, жүз есе бала, адам қашанда анасының баласы. Әркімнің анасы бар. Сен шал, білесің бе, сені де әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта аласың, ал енді анадан бас тарта алмайсың!
… Өгізді қанша жинасаң да бұзау таппайды. Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды!

… Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды тапқан ананы! Аристотельді де, Фирдоусиді де ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бәрін де дүниеге жетектеп әкелген ана. Ананың ұлы орны қашанда өзінікі!»

 Ғабит Мүсірепов. «Өлімді жеңген ана» ( Горькийден).

Адам – азамат атанса, әйел – ана атанса, адам баласы біріне бірі жолдас атанса, ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма?

Ғабит Мүсірепов. «Ананың арашасы».

Мақал-мәтелдер

Анасын көр де қызын ал, аяғын көр де асын іш.

 

Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді,

Ақылды бала: «ай-күнім — анам» дейді.

 

Жалғыз баласы атқа шапса,

Анасы үйде отырып тақымын қысады.

 

Ана алдында — құрмет,

Ата алдында — қызмет.

Ағайын — алтау,

Ана — біреу.

Анадан артық дос бар ма?

Ашудан жаман қас бар ма?

Жиырма бестен жақсы жас бар ма?

Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ананың сүті — бал,

Баланың тілі — бал.

Ананың көңілі – балада,

Баланың көңілі – далада.

Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

 

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.

 

Анасы бардың панасы бар.

 

Әке ақылы — бұлақ,

Ана ақылы — шырақ.

 

Ата-ананың қарызы — ұрпақтың өмірлік парызы.

 

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

 

Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс.

Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.

 

Баланың білегі ауырса,

Ананың жүрегі ауырады.

Ердің анасы — елдің анасы.

 

Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның —
Жүзі жылы, жолы кең.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button