«Туған жерім — нұрлы елім!» Қобда ауданы күндерінің бағдарламасы

14.09.2018 ж.
09.00-18.00 Облыстық қан орталығы
«Өмір сыйла өзгеге!» донорлық акциясы.
10.00- 10.45 Жұбановтар әлемі
«Жан жылуы» тақырыбындағы ерекше жағдайды қажет ететін өнерлі жастармен қобдалық студенттердің кездесуі.
11.00-12.00 Облыстық балалар кітапханасы
«Бақытты бала» жобасы аясында «Біз – бақытты баламыз» атты балалар байқауы.
14.00-15.30 Ақтөбе қалалық №55 орта мектебінің тир залы
Астананың 20 жылдығына орай 20 Әлия есімді қыздар арасында «Мерген ару» атты сайыс.
15.00-16.00 С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана
Қобдалық жас ақын А.Қабыловтың «АРНАУ» өлеңдер жинағының тұсаукесері.
19.00-19.45 Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қаһарман қыз — Әлия» қойылымы.
15.09.2018 ж.
8.00-13.00 «Табыс» коммуналдық базары
«Құт-береке дарыған Қобда» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы
мәдениет және демалыс саябағы
- 00 «Ұлы Қобда – батырлар мекені» атты мерекелік шара:
«Қобда – тарихи өлке» тақырыбындағы көшпелі мұражай;
«Ердің сойы Исатай» тақырыбындағы Атырау облысы Исатай ауданының көшпелі мұражайы;
«Бақытты бала» акциясы аясында «Бәсекеге қабілетті жас — ел тірегі» тақырыбындағы оқушылардың ғылыми жобаларының көрмесі;
«Қарбыз фестивалі»;
«Жетіген» жеке саз мектебінің жетекшісі Нұргүл Жақыпбектің ұйымдастыруымен «Ұлттың үні — сарқылмас қазына» тақырыбындағы ұлттық аспаптар көрмесі;
«Мясодел» ЖШС шұжық өнімдерінің промоакциясы;
Спорттық жарыстар;
Гала-концерт.