Ресми

Ақтөбе қаласында өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығу туралы

2025 жылдың 31 қазаны күні Ақтөбе қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осы орайда, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа ала отырып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді ескертеміз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button