Ресми

«Мерейлі отбасы»  ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Мемлекет басшысының  2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес елімізде жыл сайын  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты — отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарды және қазақстандық отбасының жағымды имиджін кеңінен насихаттау.

Конкурс ел Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: бірінші кезең — қалалық, екінші кезең — облыстық.

Қатысуға өтінім төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың және балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) Балаларды тәрбиелегені үшін алған мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

9) Қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

10) Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет.

Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі, 50-үй, 44-кабинет.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша қалалық комиссияларға 2025 жылғы маусымның 15-не дейін беріледі.

Қосымша толық ақпарат алу үшін 8 (7132) 41-63-86 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

 

Ақтөбе қаласы әкімдігі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button