Ресми

Облыстық «Анаға тағзым» форумы аясында өткізілетін шығарма байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Осы Ереже жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сынып оқушылары  арасында өткізілетін облыстық  «Анаға  тағзым» форумы аясында «Анашымның  үлкен  жүрегі»  (5-7 сынып оқушылары үшін) және «Әлемді ана ғана  тербеткен» (8-10 сыныпоқушылары үшін) тақырыптарындағы шығарма байқауын ұйымдастыру тәртібі  мен шарттарын белгілейді.

Байқауды өткізудің мақсаты мен міндеттері:

– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

– жас жеткіншектерді ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыра білуге   және ананы құрметтей білуге баулу;

– мектеп жасындағы оқушыларды  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Байқауды ұйымдастырушылар

Ақтөбе  облысының білім басқармасы мен «Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы.

Байқау 2018 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында  мектеп оқушылары арасында (ұйымдастырушылардың  қатысуымен) өткізіледі.

                            

Байқау шарттары:

  • Шығарма байқауы жас мөлшері бойынша 2 топ арасында өтеді (5-7 және 8-10 сынып оқушылары арасында)
  • Шығарма оқушы дәптеріне  жазылады;
  • Сыртқы бетіне оқушының аты-жөні, ауданы (қаласы), мектебі, сыныбы, жетекшісінің аты – жөні толық көрсетілуі керек;
  • Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды;
  • Ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазылуы қажет;
  • Ғаламтор желісінен көшірілген шығармалар бағаланбайды;
  • Жазу жұмысына қойылатын барлық талаптар сақталуы қажет.

 Қазылар алқасы

Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орнының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары санатты мұғалімдері енгізіледі.

Байқау шарттарына сәйкес қазылар алқасы  шығарма жұмыстарын тексеріп, бағалайды, байқау жеңімпаздарын анықтайды.

Байқауға қатысушылар

Жалпы  білім беретін мектептердің  5-10 сынып оқушылары қатысады. Байқауға қатысу үшін  сұранысты ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіне дейін үлгі бойынша aktobedaryn2017@mail.ru, ardak_kob87@mail.ru, bisekova@inbox.ru  электрондық пошталарына  жіберуге  болады.

 

Қатысушының аты-жөні Туған күні, айы, жылы Ауданы (қаласы), мектебі, Сыныбы Жетекшісі Еңбек өтілі, санаты

Марапаттау

Жеңімпаздар Ақтөбе облысының әкімдігінің, Ақтөбе облысы білім басқармасы және  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен және   ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button