Жаңалықтар

Жүз грант жергілікті бюджеттен қаржыландырылады

Биыл облыста жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға жүз грант бөлінді.

Мамандарды өңірде ең тапшы мамандықтарға даярлайтын болады. Грант иелері оқуды аяқтаған соң міндетті түрде өңірде еңбек етулері керек. Барлығы 25-тен аса сұранысқа ие мамандықтар бекітілген.

5-10 тамыз аралығында 281 талапкер грантқа өтініш берді. Бұл туралы байқау комиссиясының облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырысы кезінде облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мәлімдеді.

Отырыс барысында грантты Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 75 баллдан төмен жинамаған үміткерлерге беру туралы шешім қабылданды.

Өңір басшысы комиссия мүшелерінің алдына: «Гранттарды бөлу барынша ашық әрі шынайы болу керек. Ешқандай тамыр-таныстық болмасын!», – деген тапсырма қойды.

Комиссия мүшелерінің құрамына еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Бұдан басқа, облыс әкімі Қазақстан, Ресей мен Қытай елдеріндегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін жергілікті ірі өндіріс компаниялары қаржыландыратын тағы 36 оқу грантын беру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button