«Бақытты бала»

102 бала қайырымдылық акциясына қатысты

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Капитан Бриг» балаларға арналған ойын-сауық орталығында облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракциясы мүшесі Тәттігүл Талаева «Бақытты бала» жобасы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында Ақтөбе қаласындағы №16, 34, 36 орта мектептің бастауыш сыныптарда оқитын 102 оқушы орталықтағы аттракциондар мен ойын автоматтарымен ойнап, аниматорлар ұсынған мерекелік бағдарламаларға қатысты.

Шарада балалар екі сағатқа жуық уақыт аттракциондарда алаңсыз ойнап, арнайы дайындалған мерекелік дастарқаннан дәм татты. Акция соңында Тәттігүл Талаева балаларға сыйлықтар табыс етті.

Бүгінгі акцияны Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырып отырмыз. Бала — әрбір отбасының басты бақыты. Сол үшін біз ата-аналар олардың бақытты болуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгінгі акцияда қала мектептерінде оқитын 102 балаға қуаныш сыйлап, мереке қарсаңында сыйлықтар үлестіріп жатырмыз. Бұл балалар — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққандар. Сондықтан біз оларға қайырымдылық көрсетіп, ата-аналарына қол ұшын беруіміз керек. Акцияны ұйымдастыруда қолдау көрсеткен мектеп басшылығына ризашылығымды білдіремін, — дейді облыстық мәслихат депутаты.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button