«Бақытты бала»Мереке

«Аналар үйіндегі» тұсаукесер тойы

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Ақтөбедегі «Аналар үйінде» Айлин есімді кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

«Аналар үйінің» қызметкерлері бір жасқа толған баланың тұсауын дәстүріміз бойынша елге сыйлы, белгілі азаматтарға кестіреді. Бұл жолы тәй-тәй басуға ұмтылған кішкентай сәбидің тұсауын облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов кесті. Шашу шашылып, барлық кәделер жасалды.

«Баланың әр жетістігін көру — зор қуаныш. Сәбилеріміз сүрінбесін, әрқашан жолдары болсын! Барлық сәби бақытты болсын!» — деп, Нұрлыбек Мұқанов ақ тілегін жеткізді.

Бүгінгі күні «Аналар үйінде» 11 ана мен 11 бүлдіршін тұрып жатыр. Бұл жерде әйелдерге моральдік, психологиялық көмек беріліп, олардың өмірден өз жолын табуына ықпал ету мақсатында шаштараз, аспаз, тігінші секілді мамандықтар бойынша әртүрлі курстар өткізіледі.

«Аналар үйінің» демеушісі — өңірімізден шыққан белгілі меценат, «Алтын қыран» компаниясының президенті Исламбек Салжанов. Ол осы орталықтың барлық төлемі мен шығындарын өтеп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Орталықтың үйлестірушісі Таңсұлу Лақованың айтуынша, көмек қолын созатын басқа кәсіпкерлер де бар. Айталық, бүгін «Батыс Даму Жол» ЖШС қызметкерлері қамқорсыз қалған аналар мен балаларға қажетті азық-түлік, жөргектер мен ойыншықтарды сыйға тартты. Өз кезегінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері орталықтағы аналарға кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, олардың кәсіппен айналысуына қолдау білдіріп отырады.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button