«Бақытты бала»

Үстел теннисінің үміттері

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласының Орталық стадионы алдындағы алаңда «Доп және ракетка — балалық шақтың серігі» атты үстел теннисінен турнир өтті. Бұл — «Бақытты бала» жобасы аясында ұйымдастырылған шара.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық үстел теннисі федерациясының мұрындық болуымен өткізілген сайысқа 6-15 жас аралығында 150-ден астам бала қатысты.

— Бүгін мені осы ойынға әкем алып келді. Бұрын үстел теннисін ойнап көрмеген едім. Қазір бағымды сынап көрмекпін. Егер ұнап жатса, алдағы уақытта кәсіби түрде айналысатын боламын, — дейді 7 жасар қатысушы Мирас Амантай.

Орталық алаңға жиналған кішкентай ұл-қыздар күн райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты ойын көрсетті. Сонымен қатар, олар мерекелік бағдарламаға сәйкес, ән айтып, би биледі.

Жарыс бірнеше жас топтарында жекелей өткізіліп, қорытындысында тиісінше жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларға арнайы сыйлықтар, дипломдар, медальдар табысталды. Сондай-ақ бес аталым бойынша ең үздік қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button