Ресми

Жылыту маусымы аяқталды

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс орталығында жылыту маусымының аяқталуы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін 2018 жылғы 21 сәуір, мектептер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер үшін 2018 жылғы 4 мамыр болып белгіленді.

«Трансэнерго» акционерлік қоғамына тұтынушыларды күнделікті пайдаланатын ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану тапсырылды.

Сондай-ақ, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорын ұстау және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға орталық жылу жүйесін сөндіріп және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз ету бойынша шаралар алу ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button