Ресми

Тағайындау

Расул МЕДЕТОВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 сәуірдегі бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Расул Махмұдұлы МЕДЕТОВ тағайындалды.

Р.Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффелд (Ұлыбритания) университетінде магистратура бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан жастар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің экономикалық және ақпараттық-технологиялық дамыту бөлімінің маманы қызметінен бастаған.

ҚР Жоғарғы Сотында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button