Ресми

Ұсыныстар қабылданады

Ақтөбе қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы «Ақтөбе электр желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мүмкіндігін қарау үшін мүдделерін білдіретін әлеуетті әріптестерді тарту мақсатында баламалы ұсыныстарды қабылдайтындығын хабарлайды.

Кәсіпорынның қызметінің мәні — Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіндегі электрмен жабдықтау объектілері бойынша электр энергиясын беру, электр энергиясын бөлу және электротехникалық және монтаж жұмыстары.

Ұсыныстар 2018 жылғы 10 мамырға дейін қабылданады. Мекенжайымыз: Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласының әкімдігі, Тургенев көшесі, 98/5, тел: 41-68-20, 41-63-70. e-mail: zhkh08@mail.ru.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button