Мереке

Ізгілікті шара

Ақтөбе сервис колледжі ұжымы биылғы Наурызды лайықты табыстармен қарсы алды. Колледж ауласына барлық ұлттық бояуымен, сән-салтанатымен тігілген киіз үй көпшілікті өзіне тартты. Осында жайылған дастарқанда ұлттық тағамдар молынан қойылды. Бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, құрт-ірімшік жаңа басталған жылдың молшылығының бастауындай көрініс берді.

Ең бастысы, дәмі тіл үйірген наурыз көже салтанатқа жиылған адамдардың барлығына таратылды.

Бұл күні ән шырқалып, күй тартылды. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, колледжде білім алып жатқан жастар оған белсене қатысты.

Қонаққа келген қамқоршылық кеңесінің өкілдері, білім саласының қызметкерлері көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілектерін айтты.

Қаладағы кәсіптік білім беру ісінде қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар Ақтөбе сервис колледжіндегі бұл шара оқу орнындағы ұйымшылдық пен бірліктің сипатын байқатқандай әсер қалдырды.

Әлімжан ЖОЛМЫРЗА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button