Ресми

Ақтөбе қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша ең үздік жабдықтаушыны таңдауға арналған хабарлама


«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ (Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 98/5) Ақтөбе қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша ең үздік жабдықтаушыны таңдауға арналған конкурс жариялайды.

Конкурсқа жіберілетін аймақ тізімі және конкурсқа қатысушыға талаптар туралы толық ақпараттар конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурстық құжаттамада қызмет көрсетудің талап етілген мерзімі көрсетілген. Конкурсқа конкурстық құжаттаманың біліктілік талаптарына жауапты барлық әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі. Конкурстық құжаттаманың көшірме бумаларын 2018 жылдың 7 ақпаны сағат 13.00-ге дейін мына мекенжай бойынша алуға болады. Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 98/5, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Конкурстық құжаттамалар тегін ұсынылады. Өзімен бірге конкурстық құжаттамалардың көшірме бумаларын алуға құқысы бар сенімхаты болу керек.

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 98/5 мекенжайы бойынша «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ  мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер әлеуетті жабдықтаушымен жеткізіледі (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылдың 8 ақпаны, сағат 13.00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер конверттері мына мекенжай бойынша (Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 98/5) 2018 жылдың 8 ақпаны, сағат 15.00-де ашылады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8(7132) 41-69-43 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button