Ресми

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «ашық есік күндерін» өткізу туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыс тұрғындарына әлеуметтік қорғау саласында маңызды сұрақтарын талқылау және хабарландыру шеңберінде 2018 жылда «Ашық есік күндері» өткізілуі жоспарланғандығы туралы хабарлайды.

«Ашық есік күндері» облыс тұрғындарына әлеуметтік қорғау саласында маңызды сұрақтарын талқылау және хабарландыру шеңберінде өткізіледі.

«Ашық есік күндерінің» өтетін мерзімдері:

23.02.2018 ж.

25.05.2018 ж.

21.09.2018 ж.

23.11.2018 ж.

Тұлғаларды қабылдау 13.00-ден 14.30 сағатқа дейiнгi түскi үзiлiспен, 9.00-ден 18.30 сағатқа дейiн Департаментінің басшысы мен мамандарымен келесі сұрақтары бойынша жүргізіледі:

– Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің өсуі, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнің өсуі, зиянды және қолайсыз жағдайда жұмыс істейтін азаматтардың зейнетке мерзімінен бұрын шығу және басқа).

– Мүгедектікті белгілеу маңызды сұрақтары бойынша.

– техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық ем алу, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну туралы.

– Департаменттің құзырына кіретін басқа да маңызды әлеуметтік сұрақтары бойынша.

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, 1-қабат, байланыс телефоны 8 (7132) 56-76-43, факс 56-76-43.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button