Экономика

Алғашқы тоқсан көңіл қуантады

Статистика

Облысымыздың 2010 жылдың  қаңтар-наурызындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

2010 жылдың қаңтар-наурызында  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемдері, инвестиция, құрылыс жұмыстары, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жүк тасымалдау, бөлшек сауда айналымы, байланыс қызметі көлемдері ұлғайды, халықтың нақты қаржылай табыстары, атаулы  орташа айлық жалақы деңгейі өсті.

Ал нақты деректер қандай?

Бұл ретте облыстық статистика департаменті жекеленген салалар бойынша төмендегідей экономикалық ахуалды саралап беріп отыр.

Өндіріс көлемі елеулі өсті

Әуелі аймақтың  әлеуметтік-экономикалық жағдайына  ықпал жасайтын жетекші сала — экономикаға тоқталайық.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында  219,2 млрд. теңге көлемінде өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл цифрды былай тарқатуға болады:

кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлер дайындау жұмысы — 171.7 млрд. теңге;

өңдеу өнеркәсібі — 34,3 млрд. теңге;

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 12 млрд. теңге;

сумен  жабдықтау, яғни кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау — 1,2 млрд. теңге.

Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша индекс 116% құрады. Бұл көрсеткіш төмендегідей болып талданады.

Облыста кен өндіру өнеркәсібі  тұрақты жұмыс жүргізуде, ондағы өнеркәсіп өндірісінің индексі — 115,4%  құрады,  оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ  өндірісі — 106,7%, металл рудалары өндірісі — 167,5%,  басқа кен өндіру өнеркәсібі салалары — 210,9%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің елеулі өскені белгіленді — 2,3 есе. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштердің жоғары болғандығын мына мәліметтер де айғақтайды:

тамақ өнімдері өнеркәсібінде — 2 есе;

химия өнеркәсібі өнімдері өндірісінде — 10 есе;

резина және пластмасса өнімдері өндірісінде — 9 есе;

металлургия  өнеркәсібінде  —1,6 есе.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда, сумен жабдықтау саласында нақты көлем индексі — 116,5% құрады.

Электр энергиясын өндіру көлемі — 16,1%,   жылу энергиясы көлемі 13,8% өсті.

Мал басы көбейді

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ауыл шаруашылығы  өнімінің  жалпы  көлемі 11,4 млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың  қаңтар-наурызына қарағанда 2,8% жоғары.

Шаруашылықтың барлық санаттарындағы  өнімдердің негізгі түрлерінің өндірісін  төмендегі мәліметтер нақты  сипаттайды:

  • Мал  мен құстың барлық түрлеріндегі етке жіберілген малдың тірілей салмағы — 25,5 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда — 103,1%;
  • Сүттің жалпы сауымы — 51,6  мың тонна (102,6%);
  • Алынған тауық жұмыртқаларының саны — 42,7 млн.  дана (134,5%).

2010 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара басы — 2,5%, қой — 3,3%, ешкі басы — 4,4%,  жылқы — 4,3%,   шошқа — 8,2%,  құс еті 17,4% өсті.

Инвестиция. Бюджет қаржылары

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2010 жылдың  қаңтар-наурызында  50,9 млрд. теңге құрады,  бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,3% көп.

Сонымен бірге облыс кәсіпорындарындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі өнеркәсіпте игеріліп отыр. Бұл — инвестициялардың  жалпы  көлемінің 78,3%-ы.

Бюджет қаржылары есебінен   5 995,8 млн. теңге  игерілді,  бұл 2009 жылдың қаңтар-наурызындағыдан 5,4 есе көп.

Бюджеттік қаржылардың негізгі бөлігі инженерлік  инфрақұрылым, әлеуметтік объектілер құрылысы мен коммуналдық жалдау  және  несиелік   тұрғын үй құрылысына жұмсалды.

Жалпы сомасы 5 159,4 млн. теңге шетел инвестициялары  (2009 жылдың қаңтар-наурызынан  2,7  есеге көп )  құрал-жабдықтар  сатып алуға   және  геологиялық барлау  жұмыстарына бағытталды.

Шетел инвестицияларының  ең  үлкен көлемі  Байғанин ауданында  игерілді —72%, «Сағыз  Петролеум» ЖШС геологиялық  барлау бойынша жұмыстар жүргізді.

Құрылыстың қарқыны

Құрылыс жұмыстары мен осы саладағы қызметтер көлемі  13,8 млрд. теңге құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 1,8 есеге көп.

2010 жылдың қаңтар-наурызында 170 жаңа ғимараттың  құрылысы аяқталды, оны таратып айтсақ,  159 тұрғын үй және 11 тұрғын үй емес бағыттағы мекен-жайлар.

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемі — 55,7  мың шаршы метр, бұл 2009 жылдың қаңтар-наурызындағы  деңгейден  9% көп.

Халық қаражаты есебінен  және  несиелердің   көмегімен 19,8  мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл  өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,4  есеге көп.

Көлік

Облыста 7,6 млн. тонна көлеміндегі жүк және 36 млн.  жолаушы тасымалданды, бұл 115,2% құрады,  2009 жылдың қаңтар-наурызы деңгейімен салыстырсақ —  106,2%.

Сауда айналымы

Бөлшек сауда айналымының  көлемі  37,4 млрд. теңге құрады,  нақты көлем индексі 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  — 111,1%.

Бағалар

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанына облыстағы құнсыздық  3,1% деңгейінде құралды, республикалық көрсеткіш — 2,9%). Биылғы қаңтар-наурызда құнсыздық қарқынының күшеюі осы кезеңде 5,6% өскен ақылы қызметтердің елеулі қымбаттауына байланысты болып отыр.

Азық-түлік тауарларына бағалар 2,6% өсті, республика бойынша — 3,7%. Азық-түлік тауарлары рыногында баға  қантқа — 7,5%,  ет және ет өнімдеріне — 2,8%,  жемістер мен көкөністерге  — 4,3%,  сүт өнімдеріне — 4,9%,  жұмыртқаға — 7,6%,  малдың майына — 11,7%,  балық   және теңіз өнімдеріне — 1,4% өсті.  Ал нан және жарма өнімдеріне баға — 1,5%,  ұнға — 5,3%,   күрішке — 9,7% төмендеді.

Облыста Қазақстанның басқа аймақтарымен  салыстырғанда ұнға, күрішке, сөкке, бидайға, қарақұмыққа, бұршаққа, қантқа, печеньеге, тұзға, банандарға, апельсинге ең төменгі баға құралды.

2010 жылдың наурызында азық-түлік жинағының  ең төменгі  құны 6916 теңге құрады немесе өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда — 101,7%.

Азық-түлік емес тауарларға баға 1,3% өсті, республикалық көрсеткіш — 1,1%, бұның себебі бағаның тұрмыстық   приборларға — 0,5%, жиһаз және үй тұрмысындағы заттарға — 0,8%,   киім  және аяқ киімдерге — 1,5%,  асхана  приборларына — 1,4%,   дәрі-дәрмектерге — 4,5%,  кітаптар мен газеттерге  2,9% өсуіне байланысты болып отыр.

Ал бензин — 1,9%, цемент  11,4%  арзандады.

Ақылы қызметтер  5,6% қымбаттады, республикалық көрсеткіш — 3,7%.  Байланыс қызметтері — 8,7%,  телефонға  абоненттік ақы — 18,1% қымбаттады. Баға құқықтық қызметтерге — 9%, денсаулық сақтау қызметтеріне

4% өсті. Коммуналдық-тұрғын үй қызметтері 8,6% қымбаттады,  оның ішінде  ыстық су  — 20,4%, электр энергиясы — 10%, жылу  энергиясы —  20%.

Темір жол жолаушылар көлігіне бағалар 8% арзандады.

Жалақы

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы жалақысы 2010 жылдың қаңтар-ақпанында баға бойынша  65139 теңге  құрады.

2009 жылдың  қаңтар-ақпанымен салыстырғанда атаулы қаржылар бойынша табыстар бойынша өсім— 8,6%, нақты қаржылар бойынша 0,7% құрады.

2010 жылдың  ақпанында   қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 57553 теңге  құрады.  2009 жылдың ақпанына  қарағанда өсім  4,9% құрады.  2009 жылдың  ақпанына  қарағанда нақты жалақы  индексі 97,3% құрады.

Ең жоғарғы жалақы төмендегі қызмет түрлерінде белгіленді:

  • қаржылық және сақтандыру қызметі – 96712 теңге;
  • көлік және қоймалар – 89266 теңге;
  • кен өндіру өнеркәсібі   – 85651 теңге;
  • кәсіби, ғылыми  және техникалық қызмет – 79333 теңге;
  • ақпарат және байланыс – 70173 теңге.

Ең төменгі жалақы төмендегі қызмет салаларында белгіленіп отыр:

  • ауыл шаруашылығы – 25493 теңге;
  • білім–  38118 теңге;
  • денсаулық сақтау – 43136 теңге.

Сөйтіп, әртүрлі қызмет салаларындағы жалақы деңгейі арасындағы елеулі алшақтық сақталып отыр. Ең төменгі  жалақы ауыл шаруашылығы  қызметкерлерінде — облыс бойынша орташа көрсеткіштен  44% жоғары.

Еңбек рыногы

2010 жылдың наурыз айының аяғында жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамтамасыз ету органдарында тіркелген  жұмыссыздар саны 1,9 мың адам  немесе экономикалық белсенді халық санынан  0,5% адам құрады.

Наурыз айында экономикалық белсенді халық санына жасырын жұмыссыздық бойынша деңгей 0,2% құрады.

Біз қаншамыз?

2010 жылдың 1 наурызына облыс халқының саны ағымдағы деректер бойынша  720,7  мың адамды құрады.

Биылғы жылдың 1 наурызына облыс территориясында  туғандар  саны — 2755 бала, бұл 2009 жылдың қаңтар-ақпанынан 249 адамға аз.

Есеп беру кезеңінде қайтыс болғандар саны 1033 адам құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда  31-ге көп.

Халықтың табиғи өсімі 1722 адам құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 280 адамға аз.

Облыстық статистика департаменті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button