Басты жаңалықтарЭкономика

2023 жылы Ақтөбе облысы мен Армения Республика арасындағы сыртқы сауда айналымы өскен

Облыс әкімі Асхат Шахаров Арменияның Қазақстандағы елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қатынастарды жолға қою мүмкіндіктерін және Қазақстан мен Арменияның сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.

Асхат Шахаров облыс өзара тиімді жемісті ынтымақтастыққа, кез-келген ұсыныстар мен бизнес-идеяларды жүзеге асыруға әзір екенін алға тартты.

Бүгінде Ақтөбе облысының Армения Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 219,6 мың АҚШ долларын құрады (2022 ж. – 90,9 мың АҚШ доллары), яғни 2,4 пайызға өсті.

Өңірдің әлеуетімен танысу мақсатында Армениядан келген делегация «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды. «Ақтөбе» ӘКК қызметімен, «Зерде Керамика – Ақтөбе» ЖШС, «FIBC Kazakhstan» ЖШС, «Поливест» ЖШС, «Топса Пласт» ЖШС, «Lucrum Star» ЖШС және басқа да кәсіпорындардың жұмысын көрді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button