ЖаңалықтарСпорт

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионаты шымылдығын түрді. Жаңадан ашылған «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін дүбірлі додада 400-ден астам спортшы бақ пен бабын ортаға салмақ.

Осыған орай кеше баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, бір топ спорт маманы жарыстың жай-жапсары туралы журналистерге хабар берді. Ерлер мен әйелдер арасында өтетін сайыс жөнінде ҚР Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков:

— Қазақстан чемпионаты болғандықтан, мұнда ешқандай жүлде қоры жоқ. Жеңімпаз атанғандар бұдан да айтулы жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

Жалпы, Ақтөбенің осы спорт түрінен қарқынын айтсақ, аталған өңірде жыл басталғалы үш ауқымды жарыстың өткізілгенінің өзі бірталай нәрсені аңғартады деп ойлаймын. Мұндағылар да дзюдодан жарыстың жиі өтіп тұрғанына мүдделі екенін атап өткім келеді, — деді.

Жарыста оза шапқан палуандар ұлттық құрама сапында келер жылы ел намысын қорғап, Жазғы Азия ойындарына, басқа да халықаралық бәсекелерге жолдама алатын болады.

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты 13 қараша, дүйсенбі күні тәмамдалғалы отыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button