Ауыл

Ауылдардағы ашық әңгіме

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы насихаттау мақсатындағы ақпараттық топ Ащылысай, Әлімбет, Велихов, Қосестек ауылдарында болып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ мұндай жүздесулер аудандық ауруханада, №1 Бадамша орта мектебінде жалғасты.

Облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Ару Данабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Роман Рахиев еліміздегі жаңғыру, экономикадағы өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Топ құрамындағы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуақ Бақыт, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің доценті Ғалым Мүсіров ауыл жастарының білімін жетілдіру, үш тілді меңгеру ұлттық салт-дәстүрді сақтау, тарихи мұраларға құрметпен қарау мәселелерін қамтып, жиналған көпшілікті ашық әңгімеге шақырды.

Ақпараттық топ облыстық қос басылым — «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бір жылдық тегін жазылымына мүмкіндік беретін төрт сертификатты ауыл ардагерлеріне табыс етті.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button