Рухани жаңғыру

Құралай — үздік аудармашы

Байқау

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»» атты мақаласы шеңберінде Ақтөбе облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Оған аймақтағы сот мамандары қатысты. Байқаудың комиссия құрамына облыстық соттың судьялары Гүлжан Әжіғалиева, Еркін Жапаров, Малибай Қосымбетов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Салтанат Абызбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Алтынгүл Тәңірбергеновалар кірді.

Үш кезеңнен тұратын байқауда мамандар ресми хаттарды, сот актілерін, диалогтарды аудару арқылы сынға түсті.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды облыстық соттың бас маманы Құралай Қалбекова, ІІ орынды Шалқар аудандық сотының бас маманы Ақмарал Нұрұдин, ІІІ орынды Байғанин аудандық сотының бас маманы Нұрлыбек Қадыров иеленді.

Байқаудың қатысушыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында қазылар алқасының төрағасы, облыстық соттың судьясы Еркін Жапаров қатысушыларға байқауда белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button