ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Студенттер ректормен кездесті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Сәті түскен сұхбат» кездесу кеші өткізілді.

Бұл жолғы кеш қонағы — университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков. Ректормен кездесуге университеттің белсенді студенттері жиналды.

Шараның мақсаты — студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, кейбір шешілмеген мәселелерді талқылау. Студенттер университет басшысына оқу ақысы, жатақхана мәселесі, мемлекеттік және ректорлық грант туралы сауалдар қойды. Сондай-ақ, студенттер университетке қажет үйірмелер жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, дебаттық клубтар, театрлар туралы ұсыныстарын жеткізді. Бауыржан Ердембеков барлық сауалдарға толық жауап берді. Ол  студенттердің өтініштерін орындайтынын, жастардың сапалы білім алуы, студенттік шақты қызықты өткізулері үшін жағдай жасайтынын айтты.

Сондай-ақ алдағы уақытта университетте  бассейн, аллея, қысқы бақ ашылып, студенттер театры құрылатынын жеткізді.

Кездесу соңында студенттер ректорға ризашылықтарын жеткізіп, естелік суретке түсті.

 Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік мемлекеттік университеті.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button