Ресми

Тіркеліп, жарысқа қатысыңыз!

15 қазан күні Ақтөбе қаласында «Күзгі жүгіру — 2017» және «Алтын күз» жарыстары өтеді. Жарысқа қаламыздың жетіден жоғары жастағы барлық тұрғыны қатыса алады.

Бағдарлама бойынша 7-9 жастағы балалар (ұл, қыз) 500 метрге жүгірсе, 10-14 жас аралығындағылар 3 шақырымға, 15 жастан 50 жасқа дейінгілер және 50 жастан жоғары ересектер 10 шақырымға жүгіретін болады.

Жүгіру уақыты: 500 м 7-9 жас — сағат 9.30-да; 3 км 10-14 жас — сағат 10.00-де, 10 км —10.05.

Жарысқа тіркелу 5 қазаннан бастап 11-шағын аудандағы «World Class» фитнес клубында және Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінде (Т.Ахтанов к-сі, 50, 45-кабинет) жүргізіледі. Тіркелу үшін жарысқа қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі қажет.

Тіркелу 5 қазаннан 13 қазан сағат 12.00-ге дейін жүргізіледі. 18 жасқа дейінгі қатысушылардың тіркелу кезінде және жарыс уақытында ата-анасының қатысуы міндетті. Және тіркелу үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі болу керек.

Марафон кезінде қайырымдылық жасау арқылы «Қолғанат Ақтөбе» қорына ерікті түрде қаржы жинауға шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button