«Ақтөбе — құтты мекен»Денсаулық

Баласына бауырын берді

«Туған жер» форумы аясында Ақтөбеде алғаш рет 12 жастағы баланың бауыры ауыстырылды. Операция Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли және ҚР ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен жасалды.

Облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, бұндай ота Ақтөбеде алғаш рет жасалып отыр. 12 жастағы қыз бала туабітті бауыр дертіне шалдыққан. Бауыр өз қызметін дұрыс атқармағандықтан жүргізілген ем нәтижесін бермейді. Сондықтан  бауырын ауыстыруға тура келеді.

— Балаға анасы донор болды. Ота сағат 7:30-да басталды. Қазір донордың жағдайы қалыпты, жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал балаға операция әлі жасалып жатыр, — деді бас хирург.

Жалпы форум аясында медицина бағыты бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, жасалған оталардың  ішіндегі 15-і күрделі операция саналады. Сондай-ақ Алматыдағы қазақ ғылыми-зерттеу институты кардиологиялық клиникасының профессоры Сәлім Беркінбаев бастаған хирургтер тобы сегіз кешенді операция жасады. Форум аясында 14 семинар ұйымдастырылады.  Сырттан келген білікті мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында құны 1,5 миллиард теңге болатын үш меморандумға қол қойылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button