«Ақтөбе — құтты мекен»Денсаулық

Түлектермен кездесті

«Туған жер» форумы аясында Ақтөбеге келген М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлектері Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холда студенттермен кездесті.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен университет түлектері Раиса Салмағанбетова, Сәлім Беркімбаев, Сәрсен Қобландин келді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ғалымдардың қадамына сәттілік тілеп, форумның негізгі мақсаты жерлестердің басын қосу екенін айтты.

Ләззат Ақтаева университеттен жыл сайын 700 түлек,100-ден аса резидент бітіретінін, олар еліміздің әр түкпірінде еңбек ететінін айтты. Университет ректоры Ербол Бекмұхамбетов оқу орнының жетстіктерін баяндады. Оқу орнында  қырық жыл сабақ беріп, оның  35 жылында фармакология кафедрасының меңгерушісі болған Раиса Салмағанбетова студенттерге сол жылдардағы естеліктерді әңгімеледі.

Мен бақытты адаммын. Себебі менің шәкірттерім қазір ел медицинасының дамуына үлес қосып жүр. Жақсылық Досқалиев, Серік Ақшолақов, алдарыңызда отырған Сәлім мен Сәрсен — барлығы менің шәкірттерім. Мен олармен мақтанамын, — деген ғалым өз шәкірттері туралы  естеліктер айтты.

— Жақсы дәрігер болу үшін білім мен еңбек керек. Еңбек етсең ғана сәттілік келеді. Марапат пен медаль да сені  өзі табады. Сондықтан жастар жақсы оқыңдар, тәрбиелі, білімді дәрігер болуға ұмтылыңдар, — деді ғалым.

Басқосуда әдемі естеліктер айтылды. Ғалымдар білікті маман болудың, жақсы отбасы құрудың жолдары мен еңбек жолындағы қиындықтар мен қызықтарды әңгімеледі. Студенттер ғалымдардың айтқанын ұйып тыңдады. Жылы кездесудің соңында жастар ғалымдарды ортаға алып, суретке түсті.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button