Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қаралды

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдары басшыларының, квазимемлекеттік сектор және  қоғамдық ұйымдар мен табиғи монополия субъектілері өкілдерінің, сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Онда кешенді жоспарды іске асыру аясында «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген қоғамдық бақылау жобасын аяқтау қорытындысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша талдау, сонымен  бірге қызмет берушілердің халық арасында түсіндіру жұмыстарын іске асыру нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілерінде, яғни жылу, электр, сумен, газбен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсететін коммуналдық қызметтер ғимараттарында халыққа қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының шешімімен барлық мемлекеттік органдарға веб-портал және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ арқылы қызмет алудың ыңғайлылығын халық арасында өзектендіру, қызмет берушілердің халық арасында қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстары және мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді қадағалау мен процедураларын жетілдіруге бағытталған нәтижелі жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмалар берілді.

Н.ӘБЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button