АуылӘлеумет

Орскілік кәсіпкерлер қызығушылық танытуда

Ресейлік кәсіпкерлер Бадамшада болып, осындағы кездесуде аймақаралық кооперацияны дамыту, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін Орск базарларына шығару мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Рахат Сыдықов қонақтарды өзі басқаратын өңірдің бүгінгі экономикалық-әлеуметтік даму ахуалымен таныстырды.

— Біздің көрші Ресеймен достық қарым-қатынасымыздың негізі ежелден қалыптасқан, сондықтан жаңа қадамдарымыздың да орнықты болатындығына сенім білдіргіміз келеді,— деді ол. — Біздер қазіргі уақытта Қызылорда облысымен аймақаралық кооперацияны дамыту үстіндеміз. Олар бізден ұн алса, оның орнына бізге балық жібереді. Ресейлік көршілерімізбен сауда жасау бізге тиімді әрі жеңіл. Бүгінгі күні Орскіден 10 мың шаршы метрден астам сауда алаңдарын жеңілдік бағамен ұсынуда.

Орскілік «Маркет» жауапкершілігі шектеулі қоғамының директоры Виктор Анохиннің айтуынша, олар азық-түлік өнімдерін сатуға арналған жабдықтармен жарақтандырылған заманауи сауда кешенін тұрғызған. Ол қарғалылық тауар өндірушілерге сауда жасау үшін орын, тоңазытқыш, басқа да сауда құрал-жабдықтары жалға берілетінін жеткізді.

Ресейлік кәсіпкер Қарғалы ауданында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері едәуір арзан екенін айтып, сондықтан өзара ынтымақтастық екі жаққа да тиімділік әкелетінін атап көрсетті.

Кәмшат БАЙХАНОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button