Мереке

Мерекемен құттықтады

«Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мереке күндері «Қазақтелеком» ОТД және «А-Полиграфия» ұжымдарын құттықтады.

Біздің мерекеміз «Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» деп аталады. Алайда әдетте бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері құттықталады да, байланыс қызметкерлері көп елене бермейді. Сондықтан да «Қазақтелеком» ОТД қызметкерлері бізді қуана қарсы алды. Бас директор Сәулебек Таникенов ұжымда болып жатқан оң өзгерістерді баяндады. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Мирал Жармұхамбетовтер байланысшыларды мерекемен құттықтап,  ізгі тілектерін арнады. Болашақта екі ұжым арасындағы әріптестікті нығайта түсетіні  туралы сөз болды.

Осындай кездесу «А-Полиграфия» ұжымында да өтті. «Шамшырақ-Ақтөбе» әкімшілігі баспахана қызметкерлерін мерекемен құттықтап, бірнеше қызметкерге Алғыс хат пен сыйақы тапсырды.

Өз тілшіміз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button