Мереке

Қала әкімі журналистермен кездесті

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға игі тілегін білдірді.

— Сіздер қала өміріне жанашырлықпен қарап, адамдарға көптеген мәселелер бойынша анық та шынайы ақпараттар жеткізіп келесіздер, сол еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Біздердің бірігіп жұмыс істеуіміз нәтижесінде көптеген проблемалар оңтайлы шешіліп келеді. Ең бастысы, ортақ мүдде — қаламыздың көркеюі және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіміз жолындағы ынтымақтастығымыз біздерді жақындастыра түседі, — деді ол.

Қала басшысы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, оларға алда да шығармашылық жетістіктер тіледі.

Кәсіби мерекеге орай марапатталғандар арасында облыстық «Ақтөбе» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрмұханбет Дияров және «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Алина Маринец бар.

Сондай-ақ, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС қызметкері Гүлзада Рзина қызметтік пәтердің кілтіне ие болды.

 «Ақтөбе ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button