Мереке

Тәртіп сақшыларына құрмет

Облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Оған ардагерлермен бірге облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.

Тәртіп сақшыларын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов оларға жемісті еңбек, отбастарына амандық тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының 25 жылдығына орай өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген  22 қызметкер Министрліктің  грамотасымен марапатталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы  Махамбет Абисатовтың бұйрығымен барлығы 1780 қызметкер грамота мен алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ 230 қызметкер Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгіні кеуделеріне тақты.

Марапаттау рәсімінен кейін полиция қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарлама аясында патриоттық әндер орындалды. Сондай-ақ композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал Байсеңгірдің ақын Сәтжан Дәрібайдың сөзіне жазған «Жаса, сақшы, сарбаздар» атты жаңа әні осында қанат қақты.

Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button