Мереке

Тоқсан жылға таяу тарихымыз бар

Тоқсан жылға таяу тарихы бар «Ойыл» газеті — талай қабырғалы қаламгерлер түлеген орда. Уақыт ағымына орай атауы да, меншігі де бірнеше рет өзгерді. Бүгінде бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған басылымның ат төбеліндей тілшілері қал-қадірінше тұрғындарды ақпаратпен қамтып,  ауданның тынысына айналып отыр.

Қазақы тәрбиенің қайнарынан сусындаған газет тілшісі Самат Нарегеевтің сөз саптасы мен оқиғаны суреттеуі оның осы мектепте ысылып, кәнігі журналиске айналғанын көрсетеді. Туындылары әзірге ауданның деңгейіндегі әртүрлі байқауларда топ жарып жүрген жігіттің өлеңдері де топырақтан дарыған таланттың куәсі. Ал жас жігіт Муса Әділбайұлының келешегіне үлкен үміт артамыз. Оның мақалалары облыстық газет беттерінен де жиі көрініп жүр.

Кез келген маманның ысылып, қалыптасуына алдыңғы буынның үлгісінің әсері көп. Осы орайда жуырда «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің ауданда өткен күндері кезінде біраз тәлім-тәжірибе алып қалғанымызды да айта кеткіміз келеді. Әсіресе Ойылдың даңқты перзенттерінің бірі, қабырғалы қаламгер Құрал Тоқмырзин атындағы сыйлықтың тілшіміз Самат Нарегеевке берілуі қатты қуантты. Жалпы сол жолғы кездесу туралы аудандықтар әлі айтып жүр.

Біз өзге де аудандардағы әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қаламдарына ұшқырлық тілейміз!

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

аудандық «Ойыл» газетінің директор-редакторы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button