Ресми

Ақпараттық хабарлама

2017 жылғы 28 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын кезекті сайлауға «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Қазақстан-Ақтөбе» облыстық телеарнасында эфирлік уақытты ұсынудың жалпы талаптары, тәртібі мен көлемі

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – РТРК) – «Қазақстан-Ақтөбе» телевизиялық арнасының (бұдан әрі – Телеарна) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлердің (бұдан әрі – Кандидат) бағдарламасын, сөз сөйлеуді, арнайы репортаждарды, сайлауалды үгіт бейнематериалдарды және т.б. (бұдан әрі – үгіт) РТРК-ға тиесілі телеарна эфирінде орналастыру үшін эфирлік уақытты ұсынады.

Сайлауалды үгіт  2017 жылғы 8 маусымынан басталады және сайлауға дейінгі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де аяқталады, яғни эфирде үгіт материалдарын орналастыру 2017 жылғы 26 маусым сағат 24.00-ге дейін жүзеге асырылады.

РТРК Кандидатпен жасасқан келісімшарт негізінде РТРК бекіткен монтаж парақтарына сай жүзеге асырылатын эфирлік уақытты ұсыну талаптарына сәйкес келетін эфирлік уақытты ұсынады. Бұл ретте монтаж парақтары үгіт  материалдарын эфирге орналастырудың болжамды мерзімінен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын жазбаша өтініш берілген кезде РТРК-да бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес әзірленеді. Яғни, РТРК-да телеарнаның эфирінде болжамды уақыт интервалында жарнаманың болуы/болмауы. Эфирлік уақытты ұсыну 15 (он бес) минуттан аспайтын үгіт бейнематериалдарын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Телеарнада үгіт материалдарын орналастыру қазақ тілінде немесе екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде, 50х50 мөлшерінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған келісімшартқа қол қою үшін Кандидаттар немесе олардың уәкілетті өкілдері РТРК-ға төмендегі мәліметтер көрсетілген жазбаша нысандағы өтініш ұсынады:

  1. Үгіт материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақытты ұсыну туралы жазбаша өтініш берілген мерзім, уақыт және орны (өтініш реттік тәртіпте әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен өтініштің түскен мерзімін белгілеумен өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі);
  2. Тиісті Кандидаттар туралы мәліметтер (куәлік көшірмесін немесе Кандидаттың жеке тұлғасын растайтын құжат көшірмесін қоса берумен);
  3. Кандидатты тіркеуді растау (тиісті тіркеуді растайтын құжатты қоса берумен);
  4. Орналастыру жөнінде өтініш білдірген Кандидаттың немесе Кандидаттың уәкілетті өкілінің құзыретін растау (жеке тұлғаны растайтын құжат көшірмелерін және тиісті сенімхат көшірмелерін қоса берумен);
  5. Эфирге шығудың болжамды мерзімін, уақытын және санын, үгіт материалдарының ұзақтығын көрсету;
  6. Жазбаша өтініш ұсынған тұлғаның қолы;

Факсимиле және Интернет байланысы арқылы түскен өтініштер қабылданбайды.

Үгіт материалдарын телеарна эфиріне орналастыру кезегі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігімен немесе, өтініш бір уақытта түскен жағдайда, жеребе салу бойынша орналастырылады. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын РТРК анықтайды. Жазбаша өтініш түскен мерзімде сұратылып отырған уақыт бірінші өтініш білдірген басқа Кандидатқа ұсынылған жағдайда немесе техникалық себептер бойынша ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда РТРК, техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Эфирлік уақыттың бір минутының құны РТРК бекіткен прайс-парақтарға (осы ақпараттық хабарлама қосымшасына) сәйкес анықталады. Баға жеңілдіктерді, үстемақыны және коэффициенттерді есептеместен анықталады. Барлық баға ҚҚС есептеумен көрсетіледі.

Төлем жүргізу келісімшартқа қол қойылған кезден 3 (үш) операциялық күн ішінде ұсынылған есепке сәйкес 100 пайыз алдын ала төлем нысанында жүргізіледі.

Үгіт  материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары сайлауалды үгіт жүргізудің бірінші күнінде (2017 жылғы 8 маусымда) жазбаша өтініш ұсынылған кезде сол күні, ал кейінгі күндері болжамды эфирге шығатын күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік тәулік бұрын, бірақ 22 маусымнан кеш емес эфирлік уақытты ұсыну туралы келісімшартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтінді көрсетумен электрондық тасымалдағыштарда, аудиовизуалдық үгіт материалдарда бейнелері пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнесін қолданған жағдайда олардың ата-аналарының, қамқоршыларының, тәрбиешілерінің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) электрондық тасымалдағыштарда XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, HD стандартындағы кадр өлшемімен, кадрдың қатынасы16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Бұл ретте бейнежазбаның ақпараттық битрейті кемінде орташа 6 Мбит/сек, MPEG 2, MPEG 4 кодегін, profile 4:2:2 пайдаланумен; Бейне және дыбыс MXF контейнерлеріне салынуы тиіс. Үгіттік аудиовизуалдық материалдар оларға төлем жүргізу, қаржыландыру көздері, ақпарат ұсынған тұлғаның тегі туралы дыбыстық немесе визуалдық ақпаратты қамтуы тиіс.

РТРК конституциялық құрылымды мәжбүрлеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтаралық, діни, сословиелік және рушылдық бөлу, зұлымдық пен зорлау культін, сондай-ақ заңнамамен қарастырылмаған әскери құрылымдарды қалыптастыру идеяларын қамтитын үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

РТРК материал басқа Кандидаттардың ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты қамтыған жағдайда үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Аталмыш материалды ұсынған Кандидат РТРК-ның талап етуі бойынша жоғарыда көрсетілген сипаттағы үгіт материалдарында қамтылған мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттарға материалдар мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасы, сонымен қатар авторлық және сабақтас құқық саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуіне жеке жауапкершілік жүктеледі.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімшарт талаптарын бұзған кезде үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді немесе осындай бұзушылықтар түзетілгенге дейін тоқтатылады.

Аталмыш ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Кандидаттардың жазбаша өтініштерін РТРК «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында орналастыру үшін 2017 жылғы 8 маусымнан бастап, күн сайын сенбі мен жексенбі күндерінен басқа сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) Ақтөбе қ., Ахтанов  көш., 54 қабылданады.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын өткізу кезінде «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында эфирлік уақытты ұсынудың

ПРАЙС-ПАРАҒ

1 Қызмет атауы Хронометражы Теңгедегі құны, соның ішінде ҚҚС
1,1 Бейнематериалды эфирге орналастыру 1 минут 11 000

Ескертпе: аталмыш прайс-парақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлауалды үгіт-насихатты өткізу мерзіміне жарамды. Басқа қызметтерді көрсету корпорацияның қолданыстағы баға есептеулеріне сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button