Ресми

31 мамыр — саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы шыққан Жарлығына сәйкес, 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — қайғылы күн ретінде атап өтілетініні белгілі.

Ақтөбеде шаралар дәстүр бойынша Түйетөбеде өтеді. Оған облыстық және қалалық әкімдіктердің басшылары, мәслихаттардың депутаттары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес қоғамдардың, діндердің өкілдері,  ардагерлер, қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары қаза болғандардың туыстары мен жақындары қатысады.

Сағат 11.00-де Түйетөбе ескерткішінің жанында еске алу митингі және гүлшоқтарын қою рәсімі өтеді.

Шараға бару үшін көліктер ұйымдастырылады: облыстық драма театрының ғимараты жанында 2 автобус және «Айна» СҮ жанындағы алаңда 5 автобус тұрады. Автобустар сағат 9.30-да жүреді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button