Мереке

Мерекелеріңізбен!

Қымбатты ақтөбеліктер!

Сіздерді Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты Қазақстан үшін еліміздегі халықтардың достығы мен келісімін бейнелейді, болашаққа ұмтылыс пен жаңғыру күні жасампаздығын білдіреді.

Біздің еліміз Ұлы дала жеріндегі  халықтардың бірлігі мен татулығының нақты мысалы, ал біздің тұтастығымыз өзіміздің экономикалық және әлеуметтік мәселелерімізді табысты шешуге мүмкіндік береді. Мұның айқын бір дәлелі «Ұлт жоспары –100 қадам» бағдарламасының жүзеге асуы болып табылады.

Ақтөбе облысында ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы қомақты үлес қосуда, оның аясында өңірде 18 этномәдени бірлестіктер, 6 жексенбілік мектеп, 10 жастар клубы белсенді жұмыс жасауда.

Біздің Президентіміз, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын атап көрсетті.

Біз Бейбітшіліктің, Тұрақтылықтың өзінен-өзі қалыптаса салмайтынын білуіміз керек. Сондықтан да Мемлекет басшысы азаматтық бірегейлікті одан әрі нығайту және бірлік пен келісімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өте отырып, Ассамблея қоғамдық сананы жаңғыртуға белсене қатысатындығына сенім білдірді.

Құрметті ақтөбеліктер!

ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІРЛІК, ЖАҢҒЫРУ — бұл табысты қазақстандық жолдың негізін құрайтын қазақстандық қоғамның түйінді құндылықтары.

Президент «Туған жер — кіші Отанымыз», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жаңа жобаларын ұсынды. Біздің әрқайсысымыз туған өлкеміздің көркеюіне сөзбен ғана емес, іспен де үлес қосуымыз керек. Бұл — әркімнің азаматтық парызы.

Бәріміз біріге отырып, жеңбейтін қиындықтар мен проблемалар жоқ екендігіне сенімдіміз.

Сіздерге бейбітшілік, игіліктер мен мықты денсаулық тілейміз! Біздің жерімізде ылғи да келісім мен бірлік бола берсін!

 Құрметпен, облыс әкімі

Бердібек САПАРБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button