Мереке

Дәстүрлі мереке

Өткен сенбіден жексенбіге қараған түнде Әулие Никольск соборында православие христиандарының дәстүрлі Пасха мерекесі өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.

Құттықтау сөзінде Асқар Биахметов Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар үшін ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңызын баса айтты.

— Сіздерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, бақыт, денсаулық, бейбіт аспан астында тыныштық тілеймін, —  деді.

Түн жарымында Әулие Никольск соборы маңында мерекелік дәстүрлер орындалды.

Бұл күні қаланың басқа шіркеулерінде де пасха мерекесі өткізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button