Ресми

Тағайындау

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 2017 жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Асқар Тұрарұлы Шериязданов Байғанин ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Асқар Тұрарұлы ШЕРИЯЗДАНОВ

1968 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы №7 кәсіптік-техникалық училищесінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы болып бастады.

Әр жылдарда тілдер жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, әкімнің кеңесшісі ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры, облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

«Батыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ бөлім бастығы, департамент директоры, Астана қаласындағы өкілі, Астана қаласындағы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алға ауданының әкімі қызметтерінде болды.

2015 жылғы желтоқсан айынан бері — облыс әкімінің орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button